Спорт

Финляндия құрамасының бапкері: Әлем чемпионатына қатысуға тырысамыз

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГлавный тренер сборной Финляндии Маркку Канерва
Главный тренер сборной Финляндии Маркку Канерва - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Маркку Канерва алдағы матчтағы мақсаттары туралы айтып, Қазақстан құрамасының ойын стиліне баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан — Sputnik. Финляндия құрамасының бас бапкері Маркку Канерва 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Финляндия құрамаларының арасында өтетін матч қарсаңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Бізде бұл ойынға дайындалатын көп уақыт болмады. Бірақ қыркүйектегі ойын әлі есімізде. Бағымызға орай, ол ойында жеңіске жеттік. Ойын оңай болмайтыны анық. Қазақстан құрамасы тәртіпке жақсы бағынатын команда", - деді Маркку Канерва. Ол Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты.

– Сіз өткен ойында жіберілген қателіктерді түзеттік дедіңіз. Нақты нені өзгерттіңіз?

– Қазақстан құрамасына қарсы өткен алдыңғы ойында жеңгеніміз рас. Бірақ біз жол берген қателіктер болды. Оларды қазір түзеттік. Осы ойында да жеңіске жетіп, үш ұпай жинауға тырысамыз. Өкінішке қарай Украинамен арадағы ойын біз ойлағандай болмады.

- Ертең шешуші ойын: егер жеңе алмасаңыздар, онда әлем чемпионатына іріктеуден өтпейсіздер. Қазақстан мен Финляндия турнир кестесінің соңында. Бұл жағдай алдыңғы матчпен салыстырғанда қандай да бір қысым болып отыр ма?

- Иә, мен жарыс кестесін көрдім. Біз соңғы орында емеспіз, сондықтан әлі де мүмкіндік бар. Әрине, біршама әсері бар, бірақ біз оған баса мән беріп отырған жоқпыз. Бізде Босния және Герцеговинамен ойын және өз жерімізде Францияға қарсы кездесу бар. Әлем чемпионатына жолдама алу үшін барынша тырысамыз.

- Бірнеше күн бұрын Қазақстан Босния және Герцеговинамен ойын өткізді. Бұл кездесуді көрдіңіз бе? Қазақстан құрамасының деңгейі бойынша не айта аласыз?

- Мен ол ойынды көрдім. Алдында Финляндиямен арада өткен ойынмен салыстырғанда, Қазақстан құрамасында өзгешелік бар. Бірақ бәрібір футболшылардың техникасы жақсы, жақсы шабуылдайды. Бұл жақсы ұйымдастырылған команда. Бізге бос кеңістік табу қиынға соғады.

- Егер Франция құрамасын есепке алмасақ, онда бізде біркелкі топ жасақталды деп есептеуге бола ма?

- Франция – әлем чемпионы. Біз олар бірінші орында болады, қалғаны екінші орын үшін таласады деп күттік. Әйтсе де біз екінші орын алу үшін тырысамыз. Қазақстан мұндай күрделі топта үш ұпай жинау арқылы өзінің жақсы команда екенін дәлелдеді.

Еске сала кетейік, 12 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы өз жерінде Финляндия командасын қабылдайды. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді.

Жаңалықтар
0