Өңірлер

Алматы әкімдігі аялдамада түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневПервый снег в Нур-Султане
Первый снег в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Қаланың мобильділік басқармасы оқиға Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесіндегі "№7 қалалық аурухана" аялдамасында түсірілгенін айтып, жағдайды түсіндірді

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Алматыда аялдамада бір топ адамның автобус күтіп тұрғаны видеоға түсіріліп, желіде тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны автобус немесе дизель отынының жетіспеушілігімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаланың мобильділік басқармасы желіде тараған видеоның Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесіндегі "№7 қалалық аурухана" аялдамасында түсірілгенін айтып, жағдайды түсіндірді.

Бұл аялдамадан 18 автобус жүреді: №11, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Жалпы күніне 263 автобус қатынайды.

"Адам көп қатынайтын уақытта жолдағы кептеліске байланысты бағдарлардың қозғалыс кестесі бұзылады. Жол жөндеу жұмысы жүргізілуіне байланысты қозғалыс уақыты ұзарады. Орталық диспетчерлік қызмет әрбір маршруттың қозғалысын қадағалайды, ауытқу байқалған кезде шара қабылдау үшін тасымалдаушыға хабарлайды", - деді басқармада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қалада 2 мыңға жуық автобус бар. Бүгінде автопарктер арасында жанармай тапшылығы жоқ.

Жаңалықтар
0