Қоғам

"Халық батыры" атағын алған белгілі қазақстандық дәрігер қайтыс болды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2021
Жазылу
Нұрлан Ақпаров Қазақстанда алғаш рет операцияның 21 түрін енгізген, ол осы күнге дейін он мыңнан астам операция жасады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Атақты балалар хирургі, медициналық ғылымдар докторы, Еуропа ғылым академиясының академигі, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Ақпаров қайтыс болды.

Ғылыми орталық ұжымы Нұрлан Ақпаровтың отбасына қайғырып көңіл айтты.

"Бұл тек біз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін орны толмас қаза", - делінген хабарламада.

Нұрлан Ақпаров медицина саласында 40 жылдан астам тынбай еңбек етті. Оның ішінде 28 жыл педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында еңбектенді. Осы жылдар ішінде ол 10 мыңнан астам операция жасап, көп балаға екінші өмір сыйлады.

Ол алғаш рет Қазақстанда операцияның 21 түрін енгізген. 300-ге жуық ғылыми жұмыс жариялады.

Нұрлан Ақпаров алғашқылардың қатарында АҚШ-та, Ресейде жалпы хирургия, балалар колопроктологиясы, лапороскопия хирургиясы бойынша тағылымдамадан өтті. Ол АҚШ-та шеберлігін шыңдағаннан кейін ТМД-да бірінші болып аноректалды операциялар жасай бастады. Ресейде мұндай операциялар тек бір жарым жылдан кейін жасала бастаған.

2008 жылы Нұрлан Ақпаров медицина мен ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстан меценаттары клубының "Ильхам" республикалық премиясының лауреаты атанды. 2009 жылы оған қажырлы еңбегі үшін "Халық батыры" атағы берілді. Бұдан бөлек білікті хирург "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі", "Үздік қызметкер", "Үздік ғалым" марапаттарын алған. АҚШ-тағы "Цинцинати чилдренс" клиникасының құрметті профессоры.

Оқи отырыңыз: "Денең түршігеді": Ковидтен қайтыс болғандарды сойып тексеретін дәрігер дабыл қақты

Нұрлан Ақпаров 2018 жылы медицина ғылымына қосқан үлесі үшін Еуропаның III Александр орденімен марапатталды. Бұл марапатты әлем бойынша тек 17 адам ғана алған.

1994 жылы Нұрлан Ақпаров академик Қамал Ормантаевтың жетекшілігімен хирургия бөлімшесін ашқан. Осы уақыттан бүгінгі күнге дейін балалар хирургиясы бөлімшесіне жетекшілік етті.

Жаңалықтар
0