НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Шымкентте әйел сауда ойын-сауық орталығында босанды.
Сегізінші қазанда 27 жастағы жүкті келіншек Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталығында жүрген кезде кенеттен өзін нашар сезінген. Босана бастаған әйелге сауда орталығының қызметкерлері көмек көрсетуге асығады, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Сауда ойын-сауық орталығы қызметкерлерінің айтуынша, олар әуелі не істерін білмей сасып қалған, бірақ дереу сабырлық танытып, әйелді босандырып алу үшін киім ілетін жерде қажетті жағдай жасаған. Осылайша көпшіліктің көмегімен келіншек дүниеге қыз әкелген.
Көп ұзамай сауда орталығына жедел жәрдем мен дәрігерлер жеткен. Нәресте мен анасы №2 облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Ақ халаттылар әйел мен сәбидің жағдайын тексерген.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың дені сау, оның салмағы - 3200 грамм, бойы – 54 см.
Оқи отырыңыз:
- Сабина Алтынбекова алғаш рет ана болды – фото
- COVID-19: Нұр-Сұлтанда өкпесі 100 процент зақымданған әйел дені сау сәби босанды
- Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды