Әлем

Ресейде 17 адам неден қайтыс болғаны анықталды – полиция видео жариялады

© AFP 2022 / JOSEPH PREZIOSOВрач держит за руку пожилого пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врач держит за руку пожилого пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Құқық қорғау органдары бес бірдей қылмыстық іс қозғады, үш адам ұсталды. Күдіктілер осы қылмыс үшін он жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Орынбор полицейлері суррогат алкогольді заңсыз жасау және сату фактісі бойынша үш адамды ұстады. Олар жасаған ішімдіктен 17 адам уланып өлген, тағы 16 адам ауруханаға түсті.

Орынбор облысының үкіметі талдаудың нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың ағзасында таза этанол анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Таза этанол – бұл адамды өлтіретін у. Ал кейбір адамдардың ағзасында этанолдың мөлшері өлтіретін дозадан үш-бес есеге артық болған", - делінген ресми ақпаратта.

Орынбор облысының денсаулық министрлігі аймақтың шығысына үздік нарколог мен реаниматолог мамандарды жіберді.

"Осы жұмысқа барлық ресурс тартылып отыр. Соның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттары, санавиация да дайын тұр. Қазіргі кезде адамдарды құтқару үшін суррогат алкогольді ішкендердің бәрін анықтау қажет", - дейді министрлік мамандары.

Олардың айтуынша, заңсыз өнім ішкен адам бір сағат ішінде қайтыс болуы мүмкін. Сол себепті қазіргі кезде арнайы топтар үй-үйді аралап жүр. Олар алдымен тұрмысы төмен отбасыларды тексереді.

Ал құқық қорғау органдары бес бірдей қылмыстық іс қозғады. Үш адам ұсталды. Олардың ішінде Орск қаласының 29 жастағы тұрғыны, Ясненск қалалық округының Ақжар ауылының 60 жастағы тұрғыны және Домбар ауданының Красночабанский кентінде тұратын 47 жастағы әйел бар. Күдіктілер осы қылмыс үшін он жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0