Оқиға

Жын ба, ауытқу ма: мамандар желіні шулатқан сарбаздың әрекетіне баға берді - видео

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанСнайпер
Снайпер - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Психолог әскерге шақырғанда дәрігерлер сарбазды медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. 18 жастағы сарбаздың түсініксіз әрі қорқынышты әрекеті қазнетті шулатты.

Сарбаздың әрекетіне психолог маман мен имам бағасын берді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Саят есімді сарбаздың әскерге шақырылғанына 1 айдай уақыт болған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде борышын өтеп жүрген.

Жын шығару ісімен 5 жылдан бері айналысатын Данияр Ибрахимұлының айтуынша, сарбаздың бойында жын бар.

"Кейбір сиқырланған, жын кірген адам осындай жағдайда болады. Ол жынның әрекеті басында бақырып-шақырып, жанындағы адамдарды қорқытуға тырысады. Осы видеодан соны аңғарып отырмыз. Сондай шайтанның әсері бары көрініп тұр", - дейді Шейх Кунта Қажы мешітінің наиб имамы Данияр Ибрахимұлы.

Діни қызметкердің тағы бір нұсқасы бар. Оның ойынша, сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін. 

Ал психолог жас сарбаздың психикалық ақауы болуы мүмкін деп отыр. Әскерге шақырғанда дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп есептейді ол.

"Дәрігерлер әскер қатарына алынатын жігіттерді іріктеу кезінде толыққанды тексеруі шарт. Егер сондай өзгеріс болса сол жерде анықталады ғой, психиатрдың бақылауы керек еді. Бұл жұмыстың шалалығын білдіреді. Қазір Қазақстанда кадр жетіспейді. Соның ішінде әскери адамдар. Сондықтан болар, денсаулығы жараса да, жарамаса да алып кетуге тырысады",- дейді психолог Владислав Смирнов.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0