Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ғажайып ғарыш: әйгілі оқиғалар мен ерекше сәттердің көрінісі – фото

Жазылу
Биылғы ғарыш аптасы да аяқталуға жақын. Бүкіл әлемде 4-10 қазан аралығында Ғарыш аптасы өтеді. Sputnik адамзат тарихында астрономия мен ғарышкерлік саласында болған айтулы оқиғаларды еске түсіретін суреттер топтамасын даярлады

1999 жылдың 6 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы World Space Week құжат түрінде бекітіп, содан бері 4-10 қазан аралығында Ғарыш аптасы мерекеленеді.

Ғарыш аптасын атап өтудегі мақсат – ғарыш ғылымы мен техникасының адамзаттың өсіп-өркендеуі үшін қосып жатқан үлесін ерекше айқындау.

2021 жылғы Ғарыш аптасының тақырыбы – "Ғарыштағы қыз-келіншектер".

Биыл 12 сәуірде адам баласының ғарышқа ұшуына 60 жыл толды. Sputnik суреттер топтамасынан ғарыш саласына қатысты тың кадрларды тамашалай аласыздар.

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуОсы жылдың 12 сәуірінде әлем адамның ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өтті. Адамзат дамуындағы жаңа кезең Қазақстан жерінде – "Байқоңыр" ғарыш айлағында басталды. Суретте: 2021 жылдың 5 қазанында "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Восток №31" старт кешенінен зымыран тасымалдағышы бар "Союз МС-19" ғарыш кемесінің ғарышқа аттану сәті.
Восток №31 старт кешеніндегі зымыран тасымалдағышы бар Союз МС-19 ғарыш кемесі - Sputnik Қазақстан
1/15
Осы жылдың 12 сәуірінде әлем адамның ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өтті. Адамзат дамуындағы жаңа кезең Қазақстан жерінде – "Байқоңыр" ғарыш айлағында басталды. Суретте: 2021 жылдың 5 қазанында "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Восток №31" старт кешенінен зымыран тасымалдағышы бар "Союз МС-19" ғарыш кемесінің ғарышқа аттану сәті.
© Sputnik / Aleksander Sergeev / Медиабанкке өтуСуретте: Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин. Ғарыштан Жерге оралғаннан кейінгі сәт. Юрий Гагаринның жанында зымыран дивизионының командирі майор А.Гасиев жетекшілік еткен іздеу командасы мен жергілікті тұрғындар тұр.
Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариның ғарыштан Жерге оралған сәті - Sputnik Қазақстан
2/15
Суретте: Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин. Ғарыштан Жерге оралғаннан кейінгі сәт. Юрий Гагаринның жанында зымыран дивизионының командирі майор А.Гасиев жетекшілік еткен іздеу командасы мен жергілікті тұрғындар тұр.
© Sputnik / Медиабанкке өту1963 жылдың 16 маусымында "Восток-6" ғарыш кемесінен әлемдегі тұңғыш ғарышкер-әйел Валентина Терешкова ғарышқа аттанды. Терешкова орбитада 2 тәулік 22 сағат 50 минут болып қайтты. Бұдан кейін ғарышқа әйел тек 19 жылдан кейін ұшты. Ол – Светлана Савицкая болатын. 2000 жылы британдық "Үлкен жетістікке жеткен әйелдердің жыл сайынғы ассамблеясы" Терешковаға "ХХ ғасырдағы ұлы әйелдер" атағын берді. Суретте: ғарышқа аттанар алындағы ұшқыш-ғарышкер Валентина Терешкова.
 Ғарышқа аттанар алындағы ұшқыш-ғарышкер Валентина Терешкова.  - Sputnik Қазақстан
3/15
1963 жылдың 16 маусымында "Восток-6" ғарыш кемесінен әлемдегі тұңғыш ғарышкер-әйел Валентина Терешкова ғарышқа аттанды. Терешкова орбитада 2 тәулік 22 сағат 50 минут болып қайтты. Бұдан кейін ғарышқа әйел тек 19 жылдан кейін ұшты. Ол – Светлана Савицкая болатын. 2000 жылы британдық "Үлкен жетістікке жеткен әйелдердің жыл сайынғы ассамблеясы" Терешковаға "ХХ ғасырдағы ұлы әйелдер" атағын берді. Суретте: ғарышқа аттанар алындағы ұшқыш-ғарышкер Валентина Терешкова.
© Sputnik / Yakov Berliner / Медиабанкке өтуАдамдар 1957 жылдың 4 қазанында КСРО-да ұшырылған жасанды Жер серігінің көшірмесін тамашалап тұр. Мәскеудегі "Ғылым" павильоны.
1957 жылдың 4 қазанында КСРО-да ұшырылған жасанды Жер серігінің көшірмесі - Sputnik Қазақстан
4/15
Адамдар 1957 жылдың 4 қазанында КСРО-да ұшырылған жасанды Жер серігінің көшірмесін тамашалап тұр. Мәскеудегі "Ғылым" павильоны.
© Sputnik / Медиабанкке өтуФизиолог Ада Котовская екінші жасанды Жер серігімен ғарышқа аттанатын Лайка есімді итті тексеруден өткізіп жатыр. Бұл тарихи ұшу 1957 жылдың 3 қарашасында жүзеге асты.
Физиолог Ада Котовская  - Sputnik Қазақстан
5/15
Физиолог Ада Котовская екінші жасанды Жер серігімен ғарышқа аттанатын Лайка есімді итті тексеруден өткізіп жатыр. Бұл тарихи ұшу 1957 жылдың 3 қарашасында жүзеге асты.
© AP Photo / Neil Armstrong/NASA1969 жылдың 20 шілдесінде НАСА ұсынған бұл суретте ай модулінің ұшқышы, астронавт Базз Олдрин Айдың бетімен жүріп келеді. Осы жылы "Аполлон-11" ғарыш кемесі ашық ғарышқа аттанған болатын. 1969 жылдың 24 шілдесінде "Аполлон-11" Тынық мұхиты аймағына сәтті қонып, Ай бетіне табан тигізген алғашқы адамдар америкалық ғарышкерлерді Жерге аман-есен жеткізді.
 Астронавт Базз Олдрин Айдың бетімен жүріп келеді - Sputnik Қазақстан
6/15
1969 жылдың 20 шілдесінде НАСА ұсынған бұл суретте ай модулінің ұшқышы, астронавт Базз Олдрин Айдың бетімен жүріп келеді. Осы жылы "Аполлон-11" ғарыш кемесі ашық ғарышқа аттанған болатын. 1969 жылдың 24 шілдесінде "Аполлон-11" Тынық мұхиты аймағына сәтті қонып, Ай бетіне табан тигізген алғашқы адамдар америкалық ғарышкерлерді Жерге аман-есен жеткізді.
© AFP 2024 / NASA"Дискавери" ғарыш кемесінің бортында STS-31 экипажы жасаған суретте 1990 жылдың 25 сәуірінде Хаббл ғарыш телескопын іске қосу сәті көрсетілген.
1990 жылдың 25 сәуірінде Хаббл ғарыш телескопын іске қосу сәті - Sputnik Қазақстан
7/15
"Дискавери" ғарыш кемесінің бортында STS-31 экипажы жасаған суретте 1990 жылдың 25 сәуірінде Хаббл ғарыш телескопын іске қосу сәті көрсетілген.
© Sputnik / Владислав ВодневОсы жылы адамның ғарышқа ұшуына 60 жыл толды. 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин Байқоңырдан аспан кеңістігіне аттанған болатын. Екі жылдан кейін әлемдегі тұңғыш әйел-ғарышкер Валентина Терешкова ғарышқа ұшты. 1991 жылдың күзінде қазақ Тоқтар Әубәкіров те ғарышты игерді. 2021 жылдың 3 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен "Ғарышқа апарар жол" көрмесінен түсірілген сурет.
 2021 жылдың 3 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен Ғарышқа апарар жол көрмесінен түсірілген сурет.  - Sputnik Қазақстан
8/15
Осы жылы адамның ғарышқа ұшуына 60 жыл толды. 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин Байқоңырдан аспан кеңістігіне аттанған болатын. Екі жылдан кейін әлемдегі тұңғыш әйел-ғарышкер Валентина Терешкова ғарышқа ұшты. 1991 жылдың күзінде қазақ Тоқтар Әубәкіров те ғарышты игерді. 2021 жылдың 3 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен "Ғарышқа апарар жол" көрмесінен түсірілген сурет.
© AFP 2024 / NASAНАСА ұсынған бул суреттер коллажын 1980 жылдың қарашасында Сатурнмен бетпе-бет келген "Вояджер-1" ғарыш кемесі түсірген. Бұл суретте алдыңғы шептегі Диона, Сатурн, артқы жақтан шығып келе жатқан Тетис пен Мимас және Сатурн сақинасы, жақын орналасқан Рея көрініп тұр.
Вояджер-1 ғарыш кемесі түсірген Сатурн бейнесі - Sputnik Қазақстан
9/15
НАСА ұсынған бул суреттер коллажын 1980 жылдың қарашасында Сатурнмен бетпе-бет келген "Вояджер-1" ғарыш кемесі түсірген. Бұл суретте алдыңғы шептегі Диона, Сатурн, артқы жақтан шығып келе жатқан Тетис пен Мимас және Сатурн сақинасы, жақын орналасқан Рея көрініп тұр.
© AP Photo / Damian DovarganesРеактивті қозғалыс зертханасындағы аудиовизуалды қызметтер бөлімінің менеджері Стивен Бриджес "Телевидениедегі Марстың алғашқы анық кескіні" атты суретті түсіру кезінде қолданылған әдісті түсіндіріп тұр, 2004 жылдың 30 қаңтары, Калифорния.
Телевидениедегі Марстың алғашқы анық кескіні - Sputnik Қазақстан
10/15
Реактивті қозғалыс зертханасындағы аудиовизуалды қызметтер бөлімінің менеджері Стивен Бриджес "Телевидениедегі Марстың алғашқы анық кескіні" атты суретті түсіру кезінде қолданылған әдісті түсіндіріп тұр, 2004 жылдың 30 қаңтары, Калифорния.
© AP Photo / NASA1984 жылдың 12 ақпанында түсірілген бұл суретте астронавт Брюс МакКэндлесс "Челленджер" ғарыш шаттлының жанында азотты реактивті рюкзакты, маневр жасауға арналған басқарылатын құрылғыны қолданып тұр.
Астронавт Брюс МакКэндлесс - Sputnik Қазақстан
11/15
1984 жылдың 12 ақпанында түсірілген бұл суретте астронавт Брюс МакКэндлесс "Челленджер" ғарыш шаттлының жанында азотты реактивті рюкзакты, маневр жасауға арналған басқарылатын құрылғыны қолданып тұр.
© AFP 2024 / NASAНАСА ұсынған 1981 жылдың 14 сәуірдегі суретте миссия командирі Джон Янг пен ұшқыш Роберт Криппен мінген Калифорниядағы Эдвардс әскери-әуе базасының "Колумбия" ғарыш шаттлы бейнеленген.
Калифорниядағы Эдвардс әскери-әуе базасының Колумбия ғарыш шаттлы - Sputnik Қазақстан
12/15
НАСА ұсынған 1981 жылдың 14 сәуірдегі суретте миссия командирі Джон Янг пен ұшқыш Роберт Криппен мінген Калифорниядағы Эдвардс әскери-әуе базасының "Колумбия" ғарыш шаттлы бейнеленген.
© AP Photo Марстағы миссия. Mariner 9 – басқа ғаламшардың орбитасына шыққан АҚШ-тың алғашқы ғарыш кемесі, 1971 жыл.
Mariner 9 – басқа ғаламшардың орбитасына шыққан АҚШ-тың алғашқы ғарыш кемесі - Sputnik Қазақстан
13/15
Марстағы миссия. Mariner 9 – басқа ғаламшардың орбитасына шыққан АҚШ-тың алғашқы ғарыш кемесі, 1971 жыл.
© AFP 2024 / Robyn BeckҰшқыш Майк Мелвилл SpaceShipOne әуе көлігінің үстінде отырып қол бұлғауда. Ғарышқа жеке ракетоплан арқылы ұшу сәтті жүзеге асырылған айтулы оқиға болды, Калифорниядағы Мохаве әуежайы, 2004 жылдың 21 маусымы.
Ұшқыш Майк Мелвилл SpaceShipOne әуе көлігінің үстінде отырып қол бұлғауда.  - Sputnik Қазақстан
14/15
Ұшқыш Майк Мелвилл SpaceShipOne әуе көлігінің үстінде отырып қол бұлғауда. Ғарышқа жеке ракетоплан арқылы ұшу сәтті жүзеге асырылған айтулы оқиға болды, Калифорниядағы Мохаве әуежайы, 2004 жылдың 21 маусымы.
© Sputnik / RIA Novosti / Медиабанкке өтуҒарышкер Алексей Архипович Леоновтың ашық ғарыш кеңістігіне шығу сәті. "В скафандре над планетой" кітабындағы сурет.
Ғарышкер Алексей Архипович Леонов - Sputnik Қазақстан
15/15
Ғарышкер Алексей Архипович Леоновтың ашық ғарыш кеңістігіне шығу сәті. "В скафандре над планетой" кітабындағы сурет.
Жаңалықтар
0