Өңірлер

Жол үстіндегі спорт: павлодарлық жасөспірімдердің әрекеті видеоға түсіп қалды

© Photo : StockSnap/pixabayжасөспірім
жасөспірім - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Полиция жол үстіндегі мұндай "балалық әрекеттер" қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан — Sputnik. Ақсу қаласында жасөспірімдер жаяу жүргіншіге арналған жол бөлігінде дене жаттығуын жасап, жол қозғалысы ережесін бұзды.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне айыппұл салынды.

Әлеуметтік желіде @aksu.ermak паблигінде жасөспірімдердің жолда кетіп бара жатқан көлік алдында кеудені жерден көтеру, аяқты көтеріп аунау сынды жаттығулар орындаған видеосы жарияланды.

Құқық қорғаушылар тәртіп бұзғандарды анықтады. Олар 2004 және 2005 жылы туған қаладағы колледж студенті екені белгілі болды.

"Олардың заңды өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргінші  ережелерінің талаптарын орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап 2 айлық есептік көрсеткіш (5 834 теңге) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", - делінген хабарламада.

Полиция жол үстіндегі мұндай "балалық әрекеттер" қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0