Саясат

Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото
 Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 69 жасқа толған Владимир Путинді құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

"Қазақстан президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады", - делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0