Әзербайжанмен шекарада Иран әскерінің ауқымды оқу-жаттығуы басталды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуВоеннослужащие турецкой армии, архивное фото
Военнослужащие турецкой армии, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Иран мен Түркияның геосаяси бәсекелестігі Оңтүстік Кавказ елдерінің тұрақтылығына қауіп төндіріп, оларды ұлттық мүдде мен қауіпсіздікке қарама-қайшы әскери қарсыластыққа араластыруда. Көмірсутекке бай Орталық Азия елдерінде қақтығыс туындау қаупі артуда

1 қазанда Әзербайжанның Нахичеван автономиясымен шекарада Иран Құрлықтағы әскерінің ауқымды оқу-жаттығулары басталды. Ол әскери шараға төрт дивизия, әуе-десант әскері бригадалары, броньді танк техникалары, артиллериялар мен соққы жасау авиациялары, "Хордад-3" әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйелері жұмылдырылды. Иранда мұндай ауқымдағы маневрлер 30 жылдан бері алғаш рет ұйымдастырылып тұр және ол Бакуге бағытталған деп айтуға негіз жоқ емес.

Әзербайжан әскери қуаты жағынан Ираннан едәуір кейін қалып отыр. Бірақ бұл тұста "екі мемлекет – бір ұлт" атты түрік стратегиясы іске қосылады. 5 қазаннан бастап Баку мен Анкара Иран шекарасына жақын маңдағы Әзербайжан территориясында бірлескен әскери маневрлер өткізуде. Түркия өз аумағындағы әскердің шекара маңы топтарын күшейтіп, іргелес жатқан елдің территориясына 20 километрге терең үңіле алатын пилотсыз ұшатын барлау аппараттарын әуеде қалықтатып қойды.

Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2021
Саясат
Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады

Бір қарағанда, Баку мен Тегеран қарым-қатынасының шиеленісуіне мұнай өнімдері тиелген иран жүк көліктерінің Қарабақ территориясы бойынша Степанакерт/Ханкенди және Арменияға жүруін шектеу себеп болды. Армяндардың Горис және Капан қалаларының арасындағы жолдың шекара маңындағы учаскесінде 9 қыркүйекте әзербайжандық полиция бекеті пайда болды. Ол әрбір иран жүргізушісінен 100-260 доллар көлемінде жол салығын талап етуде. Бакудегілер Таулы Қарабаққа Иран жанармайын жеткізудің біраз бұрын қалыптасқан жүйесін заңсыз деп санайды. Алайда мұндағы проблеманың түйіні тереңде жатыр.

Иран Оңтүстік Кавказда Түркия мен Израиль арасындағы әскери-саяси белсенділіктің артып жатқанына алаңдаулы. Иран Каспий өңірінде Әзербайжан мен Түркия әскерінің тоқтаусыз бірлескен маневрлерінен бөлек, Әзербайжан мен Израильдің әскери ынтымақтастығы да Иран жеріне үлкен қауіп төндіріп тұр деп санайды. Сондықтан мұнай тасымалдайтын көліктердің жүруіне қатысты салық шектеуі Әзербайжан-Иран шекарасындағы жағдайдың ушығуына алып келді. Армения мен Грузия да тұрақсыздық аумағына тап болғаны байқалып отыр.

Сондықтан Иран-Түрік қақтысығының болу ықтималдылығы жоғары. Нахичеван автономиясының шекарасындағы Иран ауқымды маневрлеріне ондаған мың әскери қатысып отыр. Олардың қатарында элиталы диизия, броньді танк дивизиясы, екі жаяу әскер дивизиясы, арнайы мақсаттағы әуе-десант бригадасы бар.

Құрлықтағы әскер шабуылдау операциясын пысықтап жатыр. Сондықтан танктер, артиллерия, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелер, соққы жасау авиациясы, сондай-ақ заақымдау радиусы 700 километрді құрайтын "Фатах-313" және "Зульфикар" зымыран кешендері жұмылдырылған. Іс жүзінде Иран мыңға жуық баллистикалық және қанатты зымыранды бір-ақ бағыттай алады.

Осы іс-қимылдарға жауап ретінде Баку мен Анкара 5-8 қазан аралығында Нахичеван автономиясында "Мызғымас бауырластық-2021" Әзербайжан-Түркия бірлескен маневрлерін ұйымдастырды. Бұл оқу-жаттығулардың әрекет ету аумағы Түркия, Армения және Иранмен шекаралас жатыр. Оған арнайы мақсаттағы әскер, тотоатқыштар және басқа да бөлімшелер қатысып жатыр. Соққы жасаушы ұшақтар мен тікұшақтардың қолдауымен басып алу бөлімшелері белгіленген мақсатқа сай қимылдарды орындауда.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Әлем
Түркия мен Әзербайжан түркі армиясын құрмақ

Мұндай ахуал әлемнің бірқатар елін алаңдатып отыр және Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы көлік коммуникацияларын бейбіт реттеу жобасына зиян келтіруде. "Хайбар бағындырушылары" мен "Мызғымас бауырластық" оқу-жаттығуларын үйлестіру жағдайында шекарадағы кез келген арандатушылық үлкен әскери қақтығысқа алып келуі мүмкін. Әзербайжан жағында бауырлас Түркия болғанымен, Бакуге төніп тұрғын сын-қауіп үлкен. Себебі Тегеран өзінің мыңдаған зымыраны және камикадзе-дроны арқылы бір соққымен Әзербайжанның Каспийдегі мұнай және газ инфрақұрылымын жоя алады. Мұндай соғыс бір күнде аяқталады.

Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар 5 қазанда Телавиде Әзербайжан және Грузиядағы әріптестері – Закир Гасанов және Джуаншер Бурчуладземен келіссөз жүргізді.

Пікір алмасу барысында Хулусу Акар Түркия бұдан әрі де өзіне бауырлас әзербайжан халқының жағында болатынын мәлімдеді. Ал "Бауырлас бригада" жобасы Түркия мен Әзербайжан әскерінің жедел үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін іске қосылды. Сонымен қатар Хулуси Акар мен Джуаншер Бурчуладзе Түркия мен Грузия әскери дайындық және қорғаныс өнеркәсібі саласында стратегиялық серіктес екенін айтты.

Түркия Оңтүстік Кавказдағы НАТО авангарды екені белгілі. Оның үстіне Әзербайжан мен Түркия Нахичеванді Зангезур дәлізі арқылы Әзербайжанның негізгі бөлігімен біріктіруді қалап отыр. Бұл Түркия арқылы Кавказ бен Орталық Азияға (Каспий теңізі арқылы) кез келген өнімді транзиттеуге мүмкіндік береді.

Бірақ бұл жоспар Тегеранның түбегейлі қарсылығына тап болып отыр. Сонымен бірге Иран үшін өңірде Израиль ықпалының артуы да тиімді емес. SIPRI мәліметі бойынша, Әзірбайжанның қару-жарақ импортының 60%-і Израильге тиесілі. Тегерандағылар Баку Иерусалиммен әскери ынтымақтастығын тым белсенді дамытып жатыр деп санайды. Сол себепті Ислам революциясы сақшылары корпусының жетекшісі Хосейн Пурэсмаил "Әзербайжан мен Израиль арасындағы мұндай ынтымақтастық Баку мүддесіне сәйкес келмейді және оның дербестігіне қауіп төндіріп тұр" деген пікір білдірді. Соған қарағанда, Иран мен Әзербайжан қарым-қатынасы түбегейлі бұзылды және өңірдегі қауіп бәсеңдемей тұр деп айтуға негіз бар.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram-арнасы https://t.me/AKhrolenko

Жаңалықтар
0