Саясат

Тоқаев министр Ильинге төтенше жағдайлардың санын азайтуды тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневГлава МЧС Юрий Ильин
Глава МЧС Юрий Ильин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау бойынша бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан –  Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Министр 2020-2021 жылдары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Ал құтқарушылар 65 мыңнан астам шақыртуға барып, 9,5 мың адамды құтқарды. 10 мың адам эвакуацияланды. Бұдан бөлек, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

"Министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Ал елді мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарына қаржы бөлініп жатыр", - деді Ильин.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0