Видео

"Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны басталды – видео

Жазылу
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада жас патриоттар арасында "Айбын-2021" жиыны басталды

Оған "Жас ұлан" республикалық мектептерінен, С.Нұрмағамбетов атындағы қорғаныс министрлігінің әскери колледжінен, еліміздің облыстары мен қалаларындағы Қарулы күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-патриоттық клубтарынан құрамында 1100-ден астам жасөспірім бар 74 команда қатысады.

Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов жиынға қатысушыларға жарыстарда сәттілік пен сергектік тіледі. Отан қорғаушыларымен бір қатарға тұруға лайықты болып, осы күрделі де құрметті мамандықты таңдап, өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін жастардың талпынысы мен ниетін атап өтті.

"2021 жылы Қазақстан Тәуелсіз ел болып жарияланғанына 30 жыл толады. Сіздер – тәуелсіз мемлекеттің ұрпағысыздар, еліміздің басты игілігі, күш-қуаты мен әлеуетісіздер", – деді қорғаныс министрі.

Жиын аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, "Айбын дарыны" зияткерлік ойыны, "Айбын жұлдызы" шығармашылық конкурсы, "Смарт сарбаз" конкурсы өтеді. Онда жас құрастырушылар жасаған роботтар және роботтандырылған жүйелердің түрлері ұсынылады.

Биылғы бағдарламада жаңа жарыстар пайда болды. Олар жас тілшілер арасындағы "Жас сарбаз – жас тілші" байқауы және тоғыз-құмалақ ұлттық ойынынан онлайн-турнир. Алғаш рет тұрақты түрде "Жас сарбаз Хаб" коворкинг-орталығы іске қосылады. Оның ішінде жиынның фронт-кеңсесінің, брифинг залының және "Жас сарбаз медиа" студиясының жұмысы ұйымдастырылды.

"Айбын-2021" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады.  

Жаңалықтар
0