Әлем

Ауғанстан мектебінде жарылыс болды - зардап шеккендер бар

© Photo : ДВД Павлодарской областиГраната. Архив сурет
Граната. Архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Ауғанстан уақытша билігінің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін үш адам қамауға алынды. ИГ* террористік тобы жарылыс бойынша жауапкершілікті өзіне алды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Ауғанстанның Хост провинциясындағы діни мектепте жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 7 адам көз жұмып, 17-сі жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости.

Ауғанстан уақытша билігінің ішкі істер министрлігі діни мектепте қол гранатасы жарылғанын айтты.

Осыдан бірнеше күн бұрын Кабулдағы Идгах мектебінде жарылыс болды. Ол кезде 12 адам қайтыс болып, 32 тұрғын жарақат алған болатын.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін үш адам қамауға алынды. ИГ* террористік тобы жарылыс бойынша жауапкершілікті өзіне алды.

Талибан билігі**

Тамыз айының басында Талибан үкімет әскеріне қарсы шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Ауғанстан астанасы Кабулға кірді. Келесі күні олар соғыстың аяқталғанын хабарлады.

Тәлібтерден құтылудың соңғы мүмкіндігі - Кабул әуежайы болғандықтан тұрғындар әуежайдың ұшу-қону жолағына баса-көктеп кіріп, ұшақтарға отыруға талпынды. 

​26 тамызда тұрғындар көп шоғырланған Кабул әуе жайында жойқын жарылыс болып, мыңдаған адам зардап шекті. 

Оның 100-ден астамы көз жұмып, 1300-ден астамы түрлі жарақат алды. Қайтыс болғандар арасында шетелдіктер, оның ішінде америкалықтар да бар.

* Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

** Қазақстанда тыйым салынған террористік топ

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0