Қоғам

Министр ұялы телефон ұстайтындарды қуантты

© Photo : служба центральных коммуникацийСотовый телефон
Сотовый телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
5G – бұл жаңа буынға жататын телекоммуникациялық стандарт. Соның арқасында интернеттің жылдамдығы артады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин екі қалада 5G желісін сынақтан өткізу шарасы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернет жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестен өткізіп жатыр", - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрдің сөзіне қарағанда, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Айта кетері, 2021 жылы қыркүйек айында цифрлық даму министрі ведомствоаралық комиссия шешімімен үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте 5G желісін сынақтан өткізуге шешім қабылданғанын айтқан. Оған белгілі бір ұялы байланыс операторының жеке дара құқығы болмайды.

5G – бұл жаңа буынға жататын телекоммуникациялық стандарт. Соның арқасында интернеттің жылдамдығы артады. Қазақстанда пилоттық жоба 2019 жылы қолға алынған болатын.

Оқи отырыңыз: 

Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті

Ұялы телефонның қоңырау үніне Құранды қоюға бола ма?

"5G қатерлі ісік пен аутизм тудырады": желіде тағы бір ақпарат тарады

Жаңалықтар
0