Ресейдің гипердыбысты "Циркон" зымыранының мүмкіндігі қандай

© Photo : Пресс-служба Минобороны РФИспытание гиперзвуковой ракеты "Циркон"
Испытание гиперзвуковой ракеты Циркон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
"Северодвинск" көпмақсатты атомдық суасты крейсері 4 қазанда тәулігіне екінші рет Ақ теңізде "Циркон" гипердыбысты қанатты зымыранымен Баренц теңізіндегі шартты нысанаға сәтті бағдар алды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. "Циркон" гипердыбысты зымырандары Ресейдің қарулы күштер саласындағы жетістіктерін паш етіп отыр. Ресейлік қорғаныс-өнеркәсіптік кешен ғылыми-техникалық революция жасап, гипердыбысты техника саласында батыстық зымырандарды ондаған жылға басып озатын кешен құрастырды, деп жазды РИА Новости.

"Северодвинск" көпмақсатты атомдық суасты крейсері 4 қазанда тәулігіне екінші рет Ақ теңізде "Циркон" гипердыбысты қанатты зымыранымен Баренц теңізіндегі шартты нысанаға сәтті бағдар алды. Біраз бұрын субмарина экипажы суүсті жағдайында сынақты оқ атуды сәтті орындады.

Мұндай техника Ресей Әскери-теңіз флоты тарихындағы үлкен технологиялық жетістік болып отыр. Ол "Циркон" жаңа зымыран кешенінің құпиялылығы мен сенімділігінің айқын дәлелі.

Испытание гиперзвуковой ракеты Циркон - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Видео
"Циркон" зымыраны сынақтан өтті

Алты минутта 1000 километрді еңсерген жоғары жылдамдық пен дәлдік теңіз бен құрлықтағы нысаналардың кең спектрін жоюға мүмкіндікті айқындап отыр. Олардың қатарында авиатасымалдағыш кеме топтары, әскери-теңіз және авиациялық базалар, аумақ тереңдігіндегі стратегиялық нысандар да болуы ықтимал. Бортында "Циркон" зымыраны бар субмарина қарсыластың көзіне түспестен, 1000 километр қашықтықта кез келген нысанды қирата алады.

"Циркондарды" Ресейдің Әскери-теңіз флотына жеткізу 2022 жылы басталады. Тамызда өткен "Армия-2021" халықаралық әскери-техникалық форумында РФ қорғаныс министрлігі 2025 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Алайда бұл құжат мәні құпия сақталып отыр. "Циркон" кешеніне негізгі тапсырыс беруші – РФ Әскери-теңіз флоты. Алайда болашақта оның құрлыққа арналған модификациясы да пайда болады деп күтілуде.

Military Watch басылымы жаңа зымырандармен қаруланған "Ясень" АҚШ Әскери-теңіз күштерінің авиатасымалдаушы тобын екі рет жоя алатынын жазды. Біраз бұрын америкалық адмирал Чарльз Ричард АҚШ-тағы заманауи әуедегі және зымыран шабуылына қарсы қорғаныш жүйелері ресейлік гипердыбысты зымырандарды анықтай алмайтындықтан, орыстардың техникасы едәуір қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

Әйтсе де АҚШ Әскери-теңіз күштері Атлантикадағы ресейлік суасты іс-әрекеттерді бақылау үшін соғыс кемелерін бақылау жүргізуге бағыттады. Бірақ "Ясень-М" жобасының субмариналары дыбыссыз әрі жылдам екенін ескермеген секілді. Бұған дейін америкалық әскери теңізшілер Атлант мұхитында "Северодвинскті" анықтай алмаған болатын.

"Циркон" сағатына шамамен 10 мың километрді еңсеру арқылы әлемде алғашқы болып 1000 километр қашықтыққа ұша алды. Ол өз қозғалтқышының тартқыш күші есебінен атмосфераның қалың қабаттарында маневр жасай алды. Қанатты "Циркондар" теңіздегі және құрлықтағы нысандарды жою үшін жүйеленген, 3С14 әмбебап кеме кешендерінен іске қосуға бейімделген. Яғни, "Калибр" және "Оникс" кемелерімен бірге қолданыла береді.

РФ президенті Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2020
Ресей гипердыбысты "Циркон" зымыранын сынақтан өткізді

"Циркон" зымыранының ұшу-конструкторлық сынақтары қыркүйектің соңында аяқталды. Алдағы уақыттар "Ясень-М" 885М жобасының тоғыз атомдық субмаринасы, "Иркутск" суасты қайығы мен "Адмирал Нахимов" зымыран крейсері "Циркон" зымырандарымен жабдықталады. "Циркон" соққы жасау қуаты бойынша Ресейді әлемде алдыңғы шептегі позицияға шығарып отыр.

Жалпы "Ясеньдер" "Огайо" мен НАТО ядролық елдер авиатасымалдаушы соққы жасау топтары сынды зымыран тасымалдаушы субмариналарды жауынгерлік патрульдеу аумағында қолдау көрсетуге арналған. Ресей жаңа қарулану спектрі, озық және автоматтандырылған барлау құралдары, нысанаға бағыттау, байланыс және басқару аспаптары бар бесінші буынға жататын атомдық суасты флотының негіздерін қалыптастырып жатыр.

Ресейлік гипердыбысты зымырандар "Авангард", "Кинжал", "Циркон" 10-20 Мах аралығындағы жылдамдықта еркін маневр жасай алады. Ал гипердыбыстылар тобына жататын америкалық техника әлі де қиындықтарға тап болуда. Rapid Response Weapon и Hypersonic Air-Air Weapon Concept бағдарлама аясындағы бірнеше сәтсіз сынақ 20 қыркүйекте алғаш рет оң орындалды. Сегіз жылдың ішінде тұңғыш рет америкалық аппарат жылдамдығы гипердыбыс шегіне, яғни 5 Махқа жетті. Бірақ крейсерлік ұшудың маневрлілігі мен ұзақтығын бақылау құралдары растамай отыр.

АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалы зерттеулер жобасы агенттігі (DARPA) ешқандай толық мәлімет ұсынған жоқ. DARPA өкілі жаңа сынақ жыл соңында өтетінін айтты. Сынақтардың сәтсіз өтуі гипердыбысты техниканы АҚШ қарулануына қабылдау туралы мәселе көтеруге әлі ерте екенін білдіріп тұр.

Прототиптердің кемінде біреуі мінсіз нәтиже көрсетуі керек. Пентагонның Lockheed Martin Missiles & Fire Control жобасына жататын AGM-183A ARRW гипердыбысты аэробаллистикалық зымыранға наразылығы көп. AGM-183A әлі күнге дейін бірде-бәр сәтті ұшу орындамады.

АҚШ әскери-теңіз күштері 2022 қаржы жылы үшін 12 эксперименттік зымыранға бюджеттен 161 миллион доллар сұрады. Әскери-теңіз күштері министрі Фрэнк Кендалл "прогресс қарқынына" көңілі толмайтынын айтты. Қазір АҚШ жоғары технологиялық қару-жарақ дайындау саласында Ресей, Қытай және Солтүстік Кореядан қалыс қалмауға тырысып келеді. Бірақ гипердыбысты зымырандарға қатысты жағдай әлі де өзгермеді.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram-арнасы https://t.me/AKhrolenko

Жаңалықтар
0