Өңірлер

Маңғыстау облысында мұнай өндіру төмендеуі мүмкін

© Sputnik / Виталий Карпов / Медиабанкке өтуБуровая вышка
Буровая вышка - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне жол бермес үшін өзін ақтай алмайтын, суланған, дебиті аз кен орындары бойынша салықтық жеңілдіктер беру жайлы ұсыныстар пысықталады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Энергетика министрлігі Маңғыстау облысында 2025 жылдан бастап мұнай өндіру төмендейтінін болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұнай өндіру келесі бес жыл ішінде тұрақты болады. Алайда 2025 жылдан бастап өндірудің шамалы төмендеуі байқалуы мүмкін", - деді энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, мұнай мен газ өндіруді арттыру үшін Маңғыстау облысы айтарлықтай әлеуетке ие.

"Жаңа Теңіз жобаларын іске қосу, атап айтқанда Хазар және Қаламқас кен орындарын игерудің арқасында 2028 жылдан бастап мұнай өндіруді 19,5 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қазір ҚазМұнайГаз бен Лукойл осы кен орындарын игеру тұжырымдамасын талқылап жатыр", - деді министр.

Сондай-ақ, ол "ҚазМұнайГаз" компаниясы Өзен, Жетібай және Қаламқас кен орындарына іргелес учаскелерде қосымша геологиялық барлау жұмысын жүргізетінін атап өтті. Осылайша, Бектұрлы, Шығыс және Өзен-Қарамандыбас учаскелерінде 26 миллиард теңгеге геологиялық барлау жүргізіледі.

Бұған қоса, өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне жол бермес үшін өзін ақтай алмайтын, суланған, дебиті аз кен орындары бойынша салықтық жеңілдіктер беру жайлы ұсыныстар пысықталады. Бұл жұмысты министрлік ҚазМұнайГаз компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0