Өңірлер

Көпірден секірмекші болған тағы бір әйел құтқарылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтукөпір
көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Полиция қызметкері уақыт ұту үшін әйелмен телефон арқылы мүмкіндігінше ұзақ сөйлесуге тырысты

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Көкшетауда көпірден секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда 12:36-да Көкшетау қаласының полициясына бір әйел қоңырау шалды. Инспектор әйелдің дауысынан оның өте мазасыз күйде екенін байқады.

Әйел отбасының қиын жағдайда екенін айтып шағымданған. Және шарасыздықтан өзіне қол салу үшін теміржол көпіріне бара жатқанын айтты.

Сүйіктісімен сөзге келіп қалған: Шығыс Қазақстанда жігіт көпірден секірді - видео

Ақпарат дереу полицияның барлық патрульдік экипажына жіберілді. Инспектор уақыт ұту үшін әйелмен телефон арқылы мүмкіндігінше ұзақ сөйлесуге және мұндай әрекеттің себебін егжей-тегжейлі білуге тырысты.

Дәрігерлер көпірден секірген астаналық жүкті әйелдің жағдайы туралы айтты

Автопатруль экипажы оқиға орнына екі минут ішінде келді. Полицейлер көпір үстіндегі жоғары вольтты сымдар желісі жанында тұрған әйелді көрді.

Олар әйелді тоқтатуға асықты, сол уақытта көпірдің қарама-қарсы жағында жүрген ер адам мен қыз жүгіріп келіп, полиция қызметкерлеріне әйелді құтқаруға көмектесті.

Жаңалықтар
0