Аңдатпа

Қазақстанда 5 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства Казахстана
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5-7 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

5 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары, су арналары мен су қоймаларының құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелері. Үкімет отырысының тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады.

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы "Жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикер: ІІМ Тергеу департаментінің басшысы, полиция полковнигі Әділов Санжар Әскенұлы (Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 - "Сколько длится сейчас?" балет кеші ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Ауыл хикаялары" қойылымы (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

АЛМАТЫ

12.00 - #AYELDERDAUSY_RG Әйел денсаулығын қорғау саласында қазақстандық қыз-келіншектер жүргізген алғашқы ұлттық зерттеудің нәтижесі таныстырылатын баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясындағы спикерлер: Вячеслав Нотанович Локшин – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандағы репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті; Гребенникова Галина Александровна – "Қазақстандағы жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының" директоры, Еуропалық контрацепция жөніндегі қоғамның басқарма мүшесі, акушер-гинеколог; Ремигиюс Нараускас - "Gedeon Richter KZ" бас директоры; Динара Бірмағанбетова - "Gedeon Richter KZ" қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері. Кіру алдын ала аккредиттеу арқылы жүргізіледі (Байланыс телефоны: 87017490200, Әсел Берімжарова). Тікелей эфир Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында өтеді.

18.30 - "Красотка" спектаклінің премьерасы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 - "Қарагөз" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

6 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысы өтеді. Хатшылық отырысы аясында VI съездің қорытындысы бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII съездің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланған. ХІХ съезд хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері – САК, Әзербайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және тағы басқа халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Байланыс телефоны: 87021402780 (Өрғара Назерке Сәкенқызы). Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы, 5 қабат. ХІХ хатшылық сайтына сілтеме мына жерде).

19.00 - "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 - "Сколько длится сейчас?" балет кеші ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Ауыл хикаялары" қойылымы (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

19.00 – "Отелло" спектаклі (Қ.Қуанышбаева атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақтар театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 - "Красотка" спектаклінің премьерасы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 - "Қарагөз" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Гарольд и Мод" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

7 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы 7 қазанда Нұр-Сұлтандағы мультимедиалық баспасөз орталығында танымдық SputnikPro жобасын өткізеді. "Россия сегодня" ХАА жетекші мамандары Мария Крузе мен Дмитрий Буданцев "YouTube: смартфондағы жобадан бастап жеке студияға дейін", " YouTube-каналда контентті монтаждау мен безендіру" тақырыптарында мастер-класс өткізеді.

Сарапшылар "YouTube-каналды" дамыту мен құру, аудитория жинау, канал қандай себепті банға кетуі мүмкін, мінсіз контент құрудың әдісі, үздіксіз дамудың тәсілі туралы тәжірибесімен бөліседі. SputnikPro мастер-класы оффлайн форматта өтеді. Эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты қатысушылар саны шектеулі. Шараға кіру алдын ала аккредиттеу арқылы жүзеге асырылады. Шараға қатысқысы келетіндер a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына хат жолдау немесе +7 (7172) 47-26-73, +7 747 220 74 01 нөмірлеріне хабарласу арқылы аккредитациядан өте алады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0