НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Сапар барысында президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.
Сондай-ақ Тоқаев әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды.
Еске салсақ, Жамбыл облысы Гвардейский кентіндегі биофармацевтикалық зауытта коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасы шығарылады. Бастапқыда кәсіпорынды 2020 жылдың соңында ашу жоспарланған еді, алайда іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Биыл шілде айының соңында зауыт іске қосылып, вакцина өндіре бастағаны хабарланды.
Оқи отырыңыз: