НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа вакцина өндірісіне қатысты ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы облыс әкімінің есебін тыңдады.
"Баяндамаңыз қабылданды. Жалпы бұл облыс қарқынды дамып келе жатыр. Өсім бар. Шешілмеген мәселелер де бар. Онсыз болмайды. Ұсыныстарыңызды қарастырып, мәселелердің оң шешілуін өзім бақылауға аламын. Келесі жылдың басында облысқа келу жоспарымда бар. Сол кезде нақты мәселелерді пысықтаймыз. Ал вакцина жөнінде айтатын болсақ, Қазақстан дүниежүзіндегі өз вакцинасын ойлап тапқан ең озық мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл Жамбыл облысымен тікелей байланысты. Сондықтан құтты болсын. Атқарып жатқан еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
- Президент QazVac жайлы: Ауғанстан және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз
- QazVac вакцинасы халал сертификатын алды
- Тоқаев айтқан бустерлік вакцина кімге салынады?