Әлем

Ресейде пандемияға байланысты қоғамдық шаралар тоқтатылды

© Sputnik / Наталья СеливерстоваКремль
Кремль - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Елдің премьер-министрі Михаил Мишустин Ресейде коронавирустың таралу динамикасы алаңдатарлық екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Ресей Федерациясында пандемияға байланысты барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылды, деп хабарлады Роспотребнадзор басшысы Анна Попова.

"Іс-шараларға келер болсақ, олар ел бойынша тоқтатылды. Шаралар тек эпидемиологиялық ахуалға байланысты мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысымен ғана өткізіледі", - деп жазды РИА Новости.

Попованың айтуынша, бүгінгі күні Федерацияда үш мыңнан аса адам қатысатын шара өткізуге рұқсат берілген бірде-бір субъект жоқ.

Сонымен қатар елдің премьер-министрі Михаил Мишустин Ресейде коронавирустың таралу динамикасы алаңдатарлық екенін айтты. 

"Соңғы күндері сырқаттану динамикасы көңіл көншітпейді. Науқастар саны Ресей Федерациясының көптеген аймағында артып келеді. Ауруханадағы науқастар саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда екі есе көп", - деді ол.

Ол үкімет денсаулық сақтау жүйесі тұрақты жұмыс істеуі және пациенттерге уақытылы көмек көрсетілуі үшін  федералдық деңгейде қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0