АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Павлодарда 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 қазанда сағат 02:25 шамасында Павлодар қаласы Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен 20 жастағы ауыл тұрғынының мәйіті табылғанын хабарлады. Оны пышақпен жарақаттаған.
Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ал бұған дейін жергілікті Pavlodarnes.kz сайты жас жігіттің мәйіті үйдің кіреберісінен пышақталған күйінде табылғанын жазды.
Оқи отырыңыз:
- Павлодар түрмесінде педофилді өлтірді – оқиғаның мән-жайы
- Борышкер 5 адам өлтірді: депутаттар кредит мөлшерлемесін төмендетуді талап етті
- Теміртауда ер адам ұлын пышақтап өлтірді