НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 1 953 адамнан коронавирус табылды, ал 44 науқас көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте 1 953 адамның коронавирусқа қарсы тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 289,
- Алматы қаласында - 440,
- Шымкент қаласында – 67,
- Ақмола облысында – 51,
- Ақтөбе облысында - 88,
- Алматы облысында - 198,
- Атырау облысында - 50,
- Шығыс Қазақстан облысында - 104,
- Жамбыл облысында - 49,
- Батыс Қазақстан облысында -63,
- Қарағанды облысында - 160,
- Қостанай облысында - 109,
- Қызылорда облысында - 39,
- Маңғыстау облысында - 7,
- Павлодар облысында - 110,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 86,
- Түркістан облысында - 43.
Жалпы пандемия басталғалы елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 890 993 адамға жетті.
Сондай-ақ өткен тәулікте 39 пациент коронавирустан, ал 5 науқас ковидтік пневмониядан қайтыс болды.
3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (–51 373 + және 8 085 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 147 пациент стационарда, 49 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 753 адамның жағдайы ауыр,
- 227 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 142 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.