НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Павлодар колониясында жазасын өтеп жатқан 65 жастағы әйелі түрмеге қалай түскенін айтып берді.
Кейіпкердің есімі мен дауысы оның өтініші бойынша өзгертілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
View this post on Instagram
Екатерина Васильевнаның айтуынша, ол Қарағанды қаласында орташа отбасында дүниеге келген. Училище бітіріп, бірден күйеуге шыққан. Алты ұл мен бір қыздың анасы болды. Тігінші, бұзаушы және көкөніс өсіруші болып жұмыс істеді. Негізінен бала тәрбиесімен айналысқан. Сондықтан соған ыңғайлы кестемен жұмыс іздеген.
"Менің балаларым мектептен басқа ешқайда оқымады. Қазір үш ұлым мен қызым ғана қалды. Екі ұлымды жерледім. Төрт жыл бұрын жесір қалдым, - дейді Екатерина Васильевна. – Он төрт немерем бар. Ең үлкені 18 жаста. Бастауыш сынып мұғалімі мамандығына оқиды".
Оның айтуынша, ол абақтыға кездейсоқ түскен. Сол кезде Қарағандыда аула сыпырушысы болып жұмыс істеді. Қайғылы күні олар құрбысымен бірге алкоголь ішкен.
"Мұның бәрі оның үйінде болды. Құрбым қатты мас болып қалды, арамызда жанжал шықты. Сол кезде қызанақты кесіп тұрған едім, қолымда ас үй пышағы болды. Бір сәтте ол менің артымнан келді де, ұрып жіберді. Мен оны сол қолыммен итеріп, қазір үйге кететінімді айтып, тынышталуды өтіндім. Содан кейін ол қайтадан менің артымнан көтеріліп жатқанын сездім. Мен бұрылған сәтте ол мені ұрғысы келді, менің пышақ ұстап тұрған оң қолыма аяғы тиді. Пышақ аяғының тамырына кірген", - деп еске алды Екатерина Васильевна.
Құрбысы қан жоғалтудан көз жұмды. Екатерина Васильевна 63 жасында мұндай жағдайға түсетінін ешқашан ойламағанын айтады. Кінәсін толығымен мойындайды.
"Мен балаларымның алдында қатты ұялдым. Қылмысымды мойындаймын. Өзім жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Дәрігерлер келіп, өлім уақытын тіркеді. Мені бірден бөлімге алып кетті. Таңертең мені қандай мақсатпен өлтірдің деп сұрады. Бетпе-бет ставкалар, тергеу эксперименттері басталды. Алдымен маған екі ай үй қамақ берілді. Екінші сот екі жылға бас бостандығыман айырды (шартты мерзімге). Айына екі рет пробация мен наркологқа барып, тіркеліп отырдым", - дейді Екатерина Васильевна.
Оқи отырыңыз: Құрбысын қатыгездікпен өлтірген алматылық екі әйелге сот үкімі шықты
Алайда ол туған күнінде қайтадан ішіп, ескерту алады. Содан кейін екінші заңбұзушылық үшін айыппұл төлейді. Ал үшінші жағдайда шақыру қағазын ұмытып, саяжайға түнеуге кетеді. Бірнеше күннен кейін пробация инспекторы оны бөлімге шақырған. Енді үшінші сот Екатерина Васильевнаны нақты мерзімге үкім шығарды.
"Менде 1 жыл және бір ай мерзім қалған еді. Бір ай Қарағандыдағы тергеу изоляторында болдым. Содан кейін Павлодарға ауыстырды", - деді ол.
Екатерина Васильевна бәріне алкоголь кінәлі екеніне сенімді. Ол ешқашан ішпеуге уәде береді.
"Бұл менің кінәм, алкоголизм. Алкоголь - жау. Мас адам не істеп жатқанын түсінбейді. Көптеген қылмыс алкогольдік ішімдіктің салдарынан жасалады. Бұл уды қолданатындардың бәріне ішпеңіздер деп айтқым келеді. Арақ – бұл пәленің басы", - деді ол.
Аға инспектор, әділет капитаны, АП-162/2 түзеу мекемесінің психологы Гүлмира Егізбаеваның сөзінше, әйелдер жасағы Павлодарға бір ай бұрын келген.
Психолог алкогольдің әсерінен кез келген адам қылмыс жасауға бейім екенін айтады.
"Әйелдер отрядында қақтығыс жиі болады. Қандай да бір ымыраға келу үшін біз олармен сөйлесеміз. Конфликтология және тыңдау қабілеті бойынша жеке және топтық сабақтар өткізіледі. Олар бір-бірімен сөйлесіп, тыңдай алатындай тренингтер өткіземіз", - деді Гүлмира Егізбаева.
Мерзімі аяқталғаннан кейін Екатерина Васильевна бұрынғы жұмысына тазалаушы болып орналасуды жоспарлап отыр. Немерелерін тезірек көруді армандайды. Ол енді алкогольге қол тигізбейтініне сенімді.