Білім

Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2021
Жазылу
Президент мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса беретінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!", - деп жазды президент Twitter-де.

Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді.

1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.

Биыл білім министрлігі айтулы дата аясында "Ұстазыңды құттықта" акциясын бастады. Бұл акцияға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0