Аңдатпа

Қазақстанда 4 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы
Осень в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 4-7 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.

11.00 – Ішкі істер министрлігі "Сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру" деген тақырыпта брифинг өткізеді. Спикер: Жанар Шайдуллина - Қазақстан ІІМ ҚАЖК сотталғандарға медициналық қызмет көрсету бөлімінің бастығы.

19.00 – "Тайный брак" спектаклі ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі 1).

5 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 - "Сколько длится сейчас?" балет кеші. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Ауыл хикаялары" қойылымы (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

АЛМАТЫ

18.30 - "Красотка" спектаклінің премьерасы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 - "Қарагөз" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).  

6 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
10.00 – Парламент сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысы өтеді. Хатшылық отырысы аясында VI съездің қорытындысы бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII съездің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланған. ХІХ съезд хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері – САК, Әзербайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және тағы басқа халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны (баспасөз орталығы): Бейбітшілік және келісім сарайы, 5 қабат. Аккредитация мәселесі бойынша 87021402780 (Өрғара Назерке Сәкенқызы) нөміріне хабарласу керек.

7 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы 7 қазанда Нұр-Сұлтандағы мультимедиалық баспасөз орталығында танымдық  SputnikPro жобасын өткізеді. "Россия сегодня" ХАА жетекші мамандары Мария Крузе мен Дмитрий Буданцев "YouTube: жобаны смартфонда бастап жеке студияңды ашумен аяқтаудың жолы", " YouTube-каналда контентті монтаждау мен безендіру" тақырыптарында мастер-класс өткізеді.

Сарапшылар "YouTube-каналды" дамыту мен құру, аудиторя жинау, канал қандай себепті банға кетуі мүмкін, мінсіз контент құрудың әдісі, үздіксіз дамудың тәсілі туралы тәжірибесімен бөліседі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0