Тоқаев Тоқтар Әубәкіров жайлы: тарихи ерлік жасады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Жазылу
Президент ғарыш саласындағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет ететінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан тура отыз жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшқанын еске салды.

"30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді", - деп жазды президент Twitter-де.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Бірінші Май ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі.

© Sputnik / Абзал КалиевТоқтар Әубәкіров
Тоқаев Тоқтар Әубәкіров жайлы: тарихи ерлік жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Тоқтар Әубәкіров

Әубәкіров ғарышқа ұшу үшін 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынады. 1991 жылы 2 қазанда "Союз ТМ-13" әуе кемесімен ғарышқа ұшады.

1991 жылы 10 қазанда бір апта бойы "Мир" ғарыш орбиталық стансасында жұмыс істеп, Жерге оралды. Ғарышта болған нақты уақыты – 7 күн 22 сағат 13 минут.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0