Экономика

Қазақстан мен Ресей транзиттік әлеуетті күшейту жөнінде келісті

© Photo : primeminister.kzПремьер-министр Аскар Мамин провел встречу с заместителем председателя правительства России Маратом Хуснуллиным
Премьер-министр Аскар Мамин провел встречу с заместителем председателя правительства России Маратом Хуснуллиным - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Қазіргі динамика сақталса, биыл екі ел арасындағы сауда көлемі 20 миллиард доллардан асуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Асқар Мамин Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді.

Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, транзиттік-көлік, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі елдің аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумы аясында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру жайы сөз болды, деп жазады Primeminister.kz.

Келіссөз барысында көлік инфрақұрылымының озық дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейту және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Солтүстік – Оңтүстік" дәліздері және ЕАЭО кеңістігіндегі басқа бағыттар аясындағы аймақтық көліктік өзара байланысқа ерекше назар аударылды. 

Қазақстан премьер-министрі инфрақұрылымды дамыту жұмысын үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы өткізу бекеттерін реконструкциялау арқылы көлік әлеуетінің тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.

Қаңтар-шілде айларында екіжақты тауар айналымы 12,7 миллиард долларға жетті. Бұл 2020 жылдағы сәйкес кезең көрсеткішінен 26,7%-ке жоғары. Қазіргі динамика сақталса, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл 20 миллиард доллардан асуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0