Экономика

"ҚазМұнайгаз" елде әуе отыны тапшылығы болмайтынын мәлімдеді

© Photo : Авиакомпания Air AstanaAirbus 321LR
Airbus 321LR  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Бұған дейін "Эйр Астана" компаниясы елде әуе отыны өндірісі көлемінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Қазақстанда әуе отыны тапшылығы орын алуы мүмкін деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Энергетика министрлігі ішкі нарықтағы ахуалға байланысты дизель отыны өндірісін арттыру мақсатында әуе отынын өндіру көлемін өзгертуді қарастырды. "Эйр Астана" компаниясының алаңдаушылығы осыған негізделуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Компания мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта әуе отыны жоспар бойынша жеткілікті деңгейде өндіріледі.

"Әуе отынының жиналған қоры мен тұтыну көлемін ескерсек, бұл ішкі нарықтың сұранысын толығымен өтейді", - дейді компаниядағылар.

"ҚазМұнайгаз" Қазақстанда әуе отынының тапшылығы болмайды деп сендірді.

Бұған дейін "Эйр Астана" компаниясы елде әуе отыны өндірісі көлемінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірген еді. 

Компания үкіметке Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарын кейінге шегеру және әуе отыны өндірісінің бұрынғы көлемін импорт қалпына келгенге дейін қалдыру туралы өтініш айтты.

"Эйр Астана"бұл шаралар әуе қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды деп есептейді.  

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0