НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның қор биржасында өткен таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллар бағамы 425,83 теңге көлемінде белгіленді.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пунктерінде бір долларды 426,60 теңгеге сатып жатыр. Ал сатып алу бағасы – 425,51 теңге. Алматыда шетелдік валютаны сатып алу курсы сәл жоғары –425,64 теңге. Сату бағамы – 427,15 теңге.
Айта кетері, Ұлттық банк 1 қазандағы доллардың ресми бағамын 425,70 теңге көлемінде белгілеген.
Оқи отырыңыз:
- Министрлік алдағы бес жылда теңге бағамы қалай өзгеретінін айтты
- Теңге жыл соңына дейін тағы құнсыздануы мүмкін – экономист
- Мұнай қымбаттады: Теңге неліктен нығаймай жатыр