Саясат

Тоқаев пен Путин қатысатын форум бейсенбіде онлайн форматта өтеді

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуВстреча глав иностранных государств президентом РФ Путиным в Кремле
Встреча глав иностранных государств президентом РФ Путиным в Кремле - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Биылғы іс-шара "Экология және "жасыл" даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта ұйымдастырылып отыр

НҰР -СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин бейсенбіде Екі елдің аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Аталған форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Он жетінші форум 28 қыркүйекте басталды, биыл ол онлайн форматта өтіп жатыр.

Екі елдің президенттері бейсенбіде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарын талқылайды деп жоспарланып отыр. Өзге қатысушылар арасында министрлер, облыс әкімдері, сондай -ақ Ресей Федерациясының кейбір субъектілерінің басшылары бар. Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарлануда.

Форум тақырыбы

Биылғы іс-шара "Экология және "жасыл" даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта ұйымдастырылып отыр. Пікірталасқа қатысушылар – Қазақстан мен Ресей сарапшылары 28 және 29 қыркүйекте трансшекаралық Жайық және Ертіс өзендері бассейндерінің экологиялық проблемаларын, Каспий итбалықтары мен киіктердің популяциясын сақтау, климаттың өзгеруі, орман өрттері және басқа да мәселелерді талқылады.

РФ аймақтарымен ынтымақтастық

Айта кетері, таяуда Қазақстанға ресми сапармен Башқұртстан басшысы Радий Хабиров, сондай-ақ премьер-министр Андрей Назаров келді. Нұр-Сұлтанға сапар барысында Башқұртстан Конгресс бюросының өкілдігі ашылды, ол қазақстандық бизнеспен байланыс орнатуға көмектеседі. Сондай-ақ жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тұрақты әуе рейсі ашылуы мүмкін екені белгілі болды: екі республиканың астаналары арасында ұшуға небәрі бір жарым сағат уақыт кетеді.  

Сондай-ақ қыркүйек айының соңында Алматыда Рязань облысы кәсіпорындарының шоу-румы ашылды – бұл алаң қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға көмектесуге арналған.

Форум тарихы

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық форумдары 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Форум соңғы рет 2019 жылдың қараша айында Омбыда өтті, содан кейін іс-шараны 2020 жылдың соңында өткізу жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты форум 2021 жылға ауыстырылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0