Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда алғашқы қар жауды

© Sputnik / Владислав ВодневСнег осенью
Снег осенью - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Елордада бейсенбі күні таңертең жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты – полиция жүргізушілерге қаладан шықпауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда алғашқы қар жауды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Бейсенбіде елордада ауа температурасы +3, +5 градус болады деп болжанып отыр. Күндіз де, түнде де жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі.

Синоптиктер бейсенбіде Нұр-Сұлтанда көктайғақ болады деп болжады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, ауа райы нашарлайды: бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.

Полиция жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде жолға шығу қауіпті екенін ескертті.  

"Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден шығуды шектеуді ұсынады", - делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті сақтау үшін ауа райы жағдайының қозғалыс режиміне әсерін, жауын-шашын кезінде жолдың нашар көрінуін, сондай-ақ автокөліктің тежеу ​​жолын арттыратын жол төсемі сапасының өзгеруін ескеру қажет.  

Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық пен көліктер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 27 қыркүйекте Ақмола облысындағы Макинск қаласының аумағында алғашқы қар жауған болатын. Нұр-Сұлтан – Щучинск тасжолымен жүрген жолаушылар бұл құбылысты видеоға түсіріп алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кокшетау. Акмола. Казахстан (@sinegor.kz)

  

Жаңалықтар
0