Экономика

Лукойл "Қаламқас-Теңіз" және "Хазар" бойынша Қазақстанның серіктесі болады – Тоқаев

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуМесторождение Тенгиз
Месторождение Тенгиз - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Жобаның жалпы құны шамамен 5 миллиард долларды құрайды

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа мұнай кен орнын игеруге кірісетінін мәлімдеді. Серіктес ретінде ресейлік "Лукойл" компаниясы бекітілді.

Тоқаев Қазақстанда әлемдік деңгейдегі "Теңіз" және "Қарашығанақ" кен орындарын игеру жүргізіліп жатқанын айтты. Каспийдің қазақстандық бөлігінде жалпы құны 6,5 миллиард доллар "Жеңіс" және "Әл-Фараби" жобалары іске асырылып жатыр.

"Қаламқас-Теңіз" және "Хазар" ірі кен орындарын игеруге кірісеміз. Ресей тарапынан стратегиялық серіктес анықталды, бұл – "Лукойл" компаниясы. Жобаның жалпы құны шамамен 5 миллиард долларды құрайды", - деді Қазақстан президенті.

Бұған дейін "ҚазМұнайГаз" және "Лукойл" компаниялары "Әл-Фараби Оперейтинг" ЖШС жарғы капиталына қатысу үлесінің 49,99%-ін сатып алу-сату шартына қол қойды.

Бірлескен кәсіпорындағы "ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" үлесі тиісінше 50,01% және 49,99%-ті құрады. "Әл-Фараби" жобасы бойынша ынтымақтастық кэрри-қаржыландыру шарты негізінде жүзеге асырылады, "ҚазМұнайГаз" үлесінің шығынын стратегиялық серіктес көтереді. Коммерциялық өндірісте шығындар іске асырылатын жобадағы "ҚазМұнайГаздың" пайдасынан өтеледі.

"Әл-Фараби" учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Жағалауға дейінгі қашықтық – 130 шақырым, судың тереңдігі – 300-600 метр.

"Қаламқас-Теңіз" – Каспийдегі ірі кен орны, "Қашаған" кен орнымен бір келісімшарт аумағына кіреді. 2019 жылы "Қашаған" кен орнын игеретін NCOC бірлестігі "Қаламқас-Теңіз" кен орнын игеруден бас тартты.

"Хазар" Інжу жобасының келісімшарт аумағына кіреді. Бұл мұнай кен орнын Shell концерні игерген. Алайда 2019 жылы ол жоспарынан бас тартты.

Форум – 2021

Биыл Қазақстан мен Ресей президенттері бейнеконференция режимінде XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып жатыр. Форумның биылғы тақырыбы: "Экология және "жасыл" даму саласындағы ынтымақтастық".

Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарын қолдау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді.место

Жаңалықтар
0