Экономика

Газ тарифі мәселесі 2022 жылға қарай реттеледі – ЕЭК министрі

© Sputnik / Тимур БатыршинГаз құбыры, архивтегі сурет
Газ құбыры, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Келесі жылы ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын құру туралы халықаралық келісімшартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразия экономикалық комиссиясы газ тасымалдау бойынша тариф белгілеу мәселесін 2022 жылға қарай реттеуге тырысады. Бұл туралы ЕЭК министрі Темірбек Асанбеков Sputnik ақпарат агенттігінің Мәскеу – Бішкек – Нұр-Сұлтан – Ереван бейнекөпірі барысында мәлімдеді.

"Тасымалдау тарифі – кейбір елдер үшін сезімтал мәселе. Талқылау жүріп жатыр, кейбір елдердің әдістері бар. Менің ойымша, бұл келіспеушіліктер келісімшартқа қол қойылатын кезде жойылады. Әзірге үкіметаралық келісімшарт жолымен келе жатырмыз, ал одан кейін бұл шектеулерді алып тастауға тырысамыз", - деді министр.

Бұған дейін ЕЭК өкілі Ия Малкина ортақ газ нарығын құру туралы халықаралық келісімшартқа ЕАЭО лидерлері 2022 жылы қол қоюы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

© Sputnik / Владимир ТрефиловЕуразия экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым министрі Темірбек Асанбеков
Газ тарифі мәселесі 2022 жылға қарай реттеледі – ЕЭК министрі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Еуразия экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым министрі Темірбек Асанбеков

Темірбек Асанбеков 27 қыркүйекте үкімет мүшелерінің қатысуымен ЕАЭО-ның жоғары деңгейдегі жиыны өткенін еске салды. Отырыста газ бағасын белгілеу, үшінші елдерден газ тасымалдау және транзит мәселелері талқыланды.

"Біз түбегейлі позицияларды мемлекет басшылары деңгейіне талқылауға шығарамыз. Мемлекет басшылары шешім қабылдағаннан кейін, халықаралық келісімшартқа қол қойылады деп сенімді түрде айтуға болады", - деді ЕЭК министрі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0