Аңдатпа

Қазақстанда 1 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1-6 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді. Тақырыбы: Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы. Спикерлер: Шымкет қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс; денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан; санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ахметов Алдарқұл. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді. Тақырыбы: "Халық санағы-2021" аясында интервьюерлермен үйлерді аралау кезеңінің басталуы туралы. Спикерлер: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов; ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алексей Милюк. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.30 - Ақмола және Қарағанды облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова; денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сыздықов Нариман; санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мусина Айнагүл; Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алпысов Ермек; санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Залыгин Юрий; денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тоқсамбаев Гамаль. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 - "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 - "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

17.00 - Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасында суретші Динара Қадырованың "Колыбельная Умай" атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді (Бөкейхан көшесі, 1А). Аккредитация міндетті: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com (Байланыс телефоны: + 7 (7172) 69-30-57, 69-30-51).

19.00 - "Тайный брак" спектаклі ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 - "Женитьба" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).   

19.00 - "Көзімнің қарасы" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 - "Абай" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Веселые медвежата" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Мұғалім" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 - "Голос струн" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).   

19.00 - "Дюймовочка" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 - "Лихорадка субботнего вечера" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.00 - "Пугачев" спектаклі (Тотальный театр, Шевченко көшесі, 114).

20.00 - "Мертвые" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).  

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.

11.00 – Ішкі істер министрлігі "Сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру" деген тақырыпта брифинг өткізеді. Спикер: Жанар Шайдуллина - Қазақстан ІІМ ҚАЖК сотталғандарға медициналық қызмет көрсету бөлімінің бастығы.  

6 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысы өтеді. Хатшылық отырысы аясында VI съездің қорытындысы бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII съездің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланған. ХІХ съезд хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері – САК, Әзербайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және тағы басқа халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны (баспасөз орталығы): Бейбітшілік және келісім сарайы, 5 қабат. Аккредитация мәселесі бойынша 87021402780 (Өрғара Назерке Сәкенқызы) нөміріне хабарласу керек.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0