Қоғам

Қазақстан халқы қартайып барады: қарт адамдар үлесі 11%-ке жетті

© Sputnik / Владислав ВодневЛюди выходят из автобуса на остановке
Люди выходят из автобуса на остановке - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Қазақстандықтардың арасында еңбекке қабілетті азаматтар саны азайған. Сондай-ақ еңбекке қабілетті адамға түсетін демографиялық жүктеме артқан

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда халықтың қартаюы байқалады. 2010 жылы зейнеткерлік жастағы халық үлесі 9,9%-ті болса, 2020 жылы 11%-ке жетті.

Еңбекке қабілетті жастағы азаматтар үлесі, керісінше айтарлықтай төмендеді: 2010 жылы 64% болса, 2020 жылы 58,3%-ке дейін төмендеген, деп хабарлады ranking.kz.

Сонымен қатар еңбекке қабілетті бір адамға түсетін демографиялық жүктеме өсіп жатыр. Елдегі еңбекке қабілетті жастағы 1 000 адамға еңбекке қабілетті жастан кіші және одан үлкен 692 адам келеді (бір жыл бұрын – 687, ал он жыл бұрын – 555 адам).

2021 жылы Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты. 2020 жылы туғаннан бастап есептегенде өмір сүру ұзақтығы 71,37 жасты, он жыл бұрын 68,45 жасты, ал 2000 жылы 65,5 жасты құрады.

Зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы ерлерде 80 жыл, ал әйелдерде – 82 жыл.

Үлестіру үлгісіндегі зейнетақы жүйесінен жинақтау үлгісіндегі жүйеге көшу бойынша жаһандық трендтер байқалып жатыр. 2019 жылы жинақтаушы тип 53%-ті, үлестіруші тип 47%-ті құрады, ал 2008 жылы жинақтаушы жүйе бар болғаны 40%-ті құраған.

Үлестіруші зейнетақы жүйесінде зейнеткерлерге төлемдер жұмыс істейтіндердің табысы есебінен жүргізіледі. Жинақтаушы жүйеде жұмыс істейтіндер жарналары қарт адамдарға төлеуге жұмсалмайды, жинақталып, инвестицияланады. Қазақстан 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшуді бастады.

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,9 триллион теңгеге жетті. Зейнетақы жинағының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты – 12,6 триллион теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинағының сомасы 342,6 миллиард теңгені, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинағының сомасы 1,6 миллиард теңгені құрады.

Жаңалықтар
0