Спорт

Бас бапкерлердің жалақысы екі есеге өсті – ҰОК есебі

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Бүгінгі отырыста Токио Олимпиадасындағы сәтсіздікке себеп болған негізгі мәселелер сөз болды. Комитет сарапшылар бірнеше маңызды проблеманы анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Бас бапкерлердің жалақысы екі есеге көтеріліп отыр. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрын бас бапкерлердің орташа жалақысы 180 мың теңгеден аспайтын. Ал 2019 жылдан бастап барлық бас бапкердің жалақысы спорт түріне қарай 450 теңгеге дейін көтерілді. Бұдан бөлек, Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алғаны үшін спортшылар мен бапкерлерге берілетін төлемдер айтарлықтай өсті" - деді Крюков Бас ассамблея отырысында.

Оның айтуынша, штаттық спортшылар мен бапкерлердің жалақысы 38 процентке артса, команда басшыларының айлығы 27 процентке көтерілді.

Осы орайда бас хатшы 2018 жылдан бері спортшыларды Олимпиадаға даярлау жұмысы Ұлттық Олимпиада комитетіне тапсырылғанын еске салды. Ал келісімшарттың мерзімі жыл сайын ұзартылып отыр. Осылайша, комитет мемлекеттік тапсырысты орындауға кірісті.

"Келісімшарт аясында спорт министрлігіне қарасты ұйымдар мен штаттық ұлттық командалар дирекциясының 22 қызметкері Ұлттық Олимпиада комитеті құрамына ауысты. Барлығы мемлекеттік тапсырысты орындауға 72 адам тартылып отыр. ҰОК өз қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырысты орындайтын әкімшілік аппараттың еңбекақы қорын 42 процентке өтеп отырады", - деп атап көрсетті Крюков.

Айта кетері, бүгінгі отырыста Токио Олимпиадасындағы сәтсіздікке себеп болған негізгі мәселелер сөз болды. Комитет сарапшылар бірнеше маңызды проблеманы анықтады. Біріншіден, коронавирус пандемиясы салдарынан жарыстардың уақыты өзгеріп тұрған. Соның салдарынан нақты жоспарды құру қиынға соқты.

Ал бапкерлер тұрақты жаттығу кестесін белгілей алмады. Екіншіден, 2020 жылдың наурыз айынан бері жастар мен жасөспірімдер командаларын қаржыландыру тоқтатылды. Осылайша, жастар командалары өз жұмысын толығымен тоқтатты. Ал Жапонияның астанасына барған командамыз Рио Олимпиадасымен салыстырғанда екі жылға қартайып қалған. Енді олимпиадалық резерв мәселесі келесі ойындарда негативті нәтижеге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Жаңалықтар
0