НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттік блогер Диана Ыдырыс вакциналау паспортын киіміне жабыстырып алды. Ол қоғамға вакциналаудың маңызын осылайша жеткізгісі келген.
Оtyrar.kz хабарлауынша, Диана вакцина алу қажеттілік қана емес, өзіңді және жақындарыңды қауіпті індеттен сақтаудың мүмкіндігі деп есептейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осыны айналасындағылар да түсінгенін қалайды.
"Вакциналау паспортының мұндай түрін байқамау мүмкін емес. Жаңа тренд танымал бола бастады", - дейді ол.
Вакциналау туралы ақпаратты бұлайша насихаттауды тұрғындардың біразы сынға алды.
Нысандарға кіру үшін Диана да өзгелер сияқты QR-кодты сканерлейді. Өйткені киіміндегі вакцина паспортына күзетшілер күмәнмен қарайды.
Диананың айтуынша, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. Киіміне басылған вакцина паспорты да өзінікі.
Оқи отырыңыз:
- Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберуді шектеу туралы қаулы жарияланды
- Вакциналау паспортын сатып алғандарға "рақымшылық" жасала ма
- Қазақстанның вакциналау паспорты қай елдерде мойындалады