Өңірлер

Алматыда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея, радиатор отопления, иллюстративное фото
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Пак тұрғындардың сұрағына жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыда нормативті мерзім бойынша жылу беру маусымы 15 қазанда басталады, алайда күн салқындап кетсе, жылу ертерек берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Па Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.  

Жылыту маусымы басталғанда әдетте ең алдымен әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі оқыту нысандарына, білім беру орындарына жылу қосылады. Содан соң көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Одан кейін өзге нысандардың бәріне беріледі.

"Нормативті мерзім бойынша қалада жылу 15 қазанда беріледі. Алайда егер ауаның орташа тәуліктік температурасы 5 күн қатарынан +8 градус және одан төмен болса, 15 қазанды күтпейміз. Күн күрт суып кеткен жағдайда бірден жылу қосамыз", – деді Евгений Пак.  

Басқарма басшысы қала жылыту маусымына 100% дайын екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0