Оқиға

Алматы облысында тау шатқалы осымен үшінші күн өртеніп жатыр - видео

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям КазахстанаАлматы облысында өрт сөндірушілер тау шатқалындағы өртті сөндіруде
Алматы облысында өрт сөндірушілер тау шатқалындағы өртті сөндіруде - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Өртті сөндіруге бірнеше құрылымның қызметкерлері мен "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Іле-Алатау ұлттық паркінің Ақсай шатқалы мен Ескелді ауданының Қора шатқалында өрттің жалғасып жатқанына үш күн болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 29 қыркүйектегі жағдай туралы баяндады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Таңғы 8-дегі жағдай бойынша Ақсай шатқалында ашық өрт ошағы анықталған жоқ. Алайда бықсып жанып, түтіндеп жатқан жерлер бар. Өрттің өршіп кетпеуі үшін аймақтың айналасын қазу мен жерді жырту жұмыстары жүргізілді.

"Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен су шашу жүзеге асырылуда. Түтіндеуді басу үшін 38 адам, 8 техника жұмылдырылды", - дейді департаменттегілер.

Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төніп тұрмағаны хабарланды.

Ескелді ауданының Қора шатқалындағы жағдай күрделі, бұл жерде 25 гектар аумақты шарпыған өрт 27 қыркүйекте басталды. Шатқалда әлі де шағын өрт ошақтары мен түтіндеу байқалады.

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана Алматы облысында құтқарушылар үш күннен бері екі шатқалда шыққан өртті сөндіріп жатыр
Алматы облысында тау шатқалы осымен үшінші күн өртеніп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Алматы облысында құтқарушылар үш күннен бері екі шатқалда шыққан өртті сөндіріп жатыр

Мұнда да бірнеше құрылымның қызметкерлері мен "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмыс істеуде.

"Оқиға орнында штаб құрылды, үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық-штабтық көлік, аэровизуалды бақылау үшін пилотсыз ұшу аппараты бар жедел топ жіберілді", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 105 адам, 17 техника, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сегіз мотопомпасы, Талдықорған орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" қызметінің тікұшағы жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге қатысып жатқандардың барлығын Ескелді ауданының әкімдігі ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0