НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Бір тәуілкте коронавирус 42 адамның өмірін қиды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
7 адам коронавирустық пневмониядан, 35 адам коронавирустан көз жұмды.
28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (53 945 коронавирустан және 8 717 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 868 адамның жағдайы ауыр,
- 218 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 139 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз: Коронавирус статистикасы: көрсеткіш төмендеп келеді