Саясат

Трансшекаралық су объектілері: Қазақстан мен Ресей сарапшылары не талқылады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото реки Иртыш
Архивное фото реки Иртыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Ірі өзендердегі су тапшылығы, төтенше жағдайлар туралы өзара хабарлау, су жүйелерін бірлесіп зерттеу және дамыту "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясының негізгі тақырыптары болды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Сейсенбіде, 28 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында "Трансшекаралық су объектілері" және "Климаттың өзгеруі" панельдік сессиялары өтті. Онда трансшекаралық су ресурстарын басқару, төмен көміртекті дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

"Трансшекаралық су объектілері" сессиясында Қазақстан мен Ресей ірі өзендердің бассейндерінде (Жайық, Ертіс және т.б.) зерттеулер жүргізудің бірыңғай жол картасын іске асыру, трансшекаралық сулардың су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану бойынша бірлескен жұмыс, судың ластануын төмендету, сондай-ақ су экожүйелерін сақтау туралы сөз болды.

Өзендердегі су тапшылығымен қалай күресуге болады

Ресей ақпараттық-аналитикалық және ғылыми-зерттеу су шаруашылығы орталығының директоры Алексей Косолапов трансшекаралық өзендердің проблемалары мен оларды шешу жолдарын айтты.

Оның мәліметінше, трансшекаралық өзендер суының едәуір бөлігін су шаруашылығы кешендері алып қояды, оларды күтіп ұстауға Ертістен, Жайықтан және басқа да өзендерден 4 текше километрге тарта су жұмсалады.

Бұл шаруашылық кешендері негізінен ірі, орта және шағын су қоймаларының, сондай-ақ әр түрлі уақытта: 30-шы, 40 -шы, 60 -шы жылдары және кейінірек салынған көптеген тоғандардың есебінен тұрақты жұмыс істеп тұр.

Алайда су тапшы кезең басталған кезде осындай көлемдегі судың өзі барлық су пайдаланушыны ресурстармен тұрақты қамтамасыз ете алмайды, деді спикер.

"Бұрын жүзеге асырылған ережелерді әзірлеуде көптеген аспекті, оның ішінде суды пайдаланудың трансшекаралық сипаты ескерілмегенін ескеру қажет. Яғни, бүгінгі таңда су қоймасы Ресейді сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан аумағындағы кешен қатысушыларының қажеттіліктерін ішінара өтеп отыр", - деп атап өтті Косолапов.

Бірақ қазір ереже түзетіліп жатыр, бұл жұмыс жалғаса береді. Косолапов ең алдымен олар су және су маңайындағы жүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы керек деп есептейді.

Ал Қазақстанның экология министрлігі трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаев Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр 

"2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр. Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар тараптар трансшекаралық су объектілерінде төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара жедел хабарлау механизмін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Панельдік сессиялардың жұмысына екі елдің қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ климаттың өзгеруі саласындағы 100-ден астам жетекші сарапшысы қатысты.

Жаңалықтар
0