"Наз" мемлекеттік би театры ХХІІ маусымын "Наз би әлемі" концерттік бағдарламасымен ашып отыр. Концертте халықтың көңілін көтеретін ұлттық нақыштағы билеріміз, ұлттық әндеріміз, заманауи әндер ұсынылды. Бір сағаттық концерттік бағдарлама дайындап, ұсындық", - дейді "Наз" мемлекеттік би театрының өкілі Айсұлтан Басықара.
Сонымен қатар ашық ауада өткен концертте "Көзіңнің мөлдірін-ай" секілді халық әндері орындалды.
"Наз" мемлекеттік би театры 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылған. 2007 жылдың бірінші наурызынан бастап қала әкімдігінің шешімімен "Наз" мемлекеттік би театры мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын болып өз алдына бөлек шықты.