Денсаулық

Бір тәулікте індет 35 адамның өмірін жалмады

© AP Photo / Ivan Valenciaмедицина қызметкері
медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Індетке шалдыққандар арасында 895 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 35 адам коронавирустан көз жұмды. Оның 30-ы коронавирустық инфекциядан, бесеуі коронавирустық пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 32 жағдайы тіркелді. Оған қоса 111 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап 75305 адам пневмониямен ауырды. 4800 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61702 жетті.

27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 коронавирустан және 8 803 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 11 543 пациент стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 895 адамның жағдайы ауыр,
  • 222 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 142 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев айтқан бустерлік вакцина кімге салынады? 

Жаңалықтар
0