Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке кірісті

© Sputnik / Абзал КалиевКосмонавт Айдын Аимбетов
Космонавт Айдын Аимбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Айдын Айымбетов – ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-майоры. "Халық қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені секілді мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары бар

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Айдын Ақанұлы Айымбетов сайланды.

Айдын Айымбетовтың өмірбаяны

Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

Армавир жоғары әскери авиация училищесін, Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығын, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.
ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жоюшы және авиациялық буын командирі ретінде қызмет етті. 2015 жылдың қыркүйегінде "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің борт инженері ретінде халықаралық ғарыш станциясына ғарышқа ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды:

  • 2009-2010 жылдары-Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі;
  • 2010-2011 жылдары Қазғарыштың Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;
  • 2011-2014 жылдары "Сұлтанғазин атындағы "Ғарыштық зерттеулер институты" ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары;
  • 2014-2016 жылдары Қазғарыш " Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;
  • 2016-2019 жылдары "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті;
  • 2019-2021 жылдары "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары басқарма өндірісі бойынша мүшесі.
  • 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

"Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы қазіргі, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды әзірлеумен және іске асырумен, ғарыш технологияларын енгізумен, ғарыш жүйелері мен кешендерін құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізумен айналысады.

Жаңалықтар
0