Елорда тынысы

Елордада бойжеткен жиырмаға жуық адамды сан соқтырды

CC0 / pixabay.com / Силуэт девушки
Силуэт девушки - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Тергеу барысында күдіктінің ұтысқа ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ол тұрғындар ақшасын өз қалауынша жаратқан

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бойжеткен қаланың 19 тұрғынын сан соқтырды. Жалпы шығын үш жарым миллион теңге, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірқатар алаяқтық жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол адамдардың ақшасын көбейтіп беремін деп, жымқырған.

"Өзінің пайдакүнемдік мақсатын жүзеге асыру үшін WhatsApp мессенджерінде топ ашып, ішінде адамдарды қызықтырған. Спортқа қатысты ұтысқа ақша салуды ұсынған. Пайдаланушылардың сеніміне кіру үшін ұтысты айғақтайтын жалған түбіртек жіберген", - деп мәлімдеді полиция.

Бойжеткен бір күн ішінде 100% пайда әкелетінін айтып, ақшаны электрондық әмиянға аударуға көндірген. Азаматтар 100 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейінгі соманы жіберген. Алайда ақша түскеннен кейін ол жәбірленушілер нөмірін бұғаттаған.

Тергеу барысында күдіктінің ұтысқа ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ал тұрғындар ақшасын өз қалауынша жаратқан.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі ("алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бойжеткеннің 19 адамды алдағаны анықталды. Полиция сөзінше, жәбірленушілер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және желідегі алаяқтар айласына түспеуге кеңес берді. Сондай-ақ кірісті арттыру және көбейту бойынша күмәнді акцияларға қатыспауға шақырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0