Ресейлік Су-30СМ жойғыш ұшағы Калининград ауданында оқу-жаттығу өткізді. Тапсырманы орындауға 10 экипаж аттанды. Алдымен ұшқыштар әуеден барлау жасап, "жаудың" орналасқан жерін тапты. Содан кейін бомба тастап, авиациялық зеңбіректерден оқ жаудырды.
Шартты жаудың рөлін Су-24 бомбардирі, Ми-8, Ми-24, Ка-27 тікұшақтары мен көп бағытты Су-30СМ жойғыш ұшағы атқарды.
Олар радиоэлектронды басып-жаншудың барлық құралдарын пайдаланып, барынша қарсыласты. Алайда теңіз авиациясы барлығына төтеп берді.
Су-30СМ жойғыш ұшағының жеңісті сәтін видеодан тамашалаңыз.