Білім

Екі өңірде Назарбаев университеті тәжірибесі енгізілетін оқу орындары анықталды

© Sputnik / Болат ШайхиновЛаборатория Назарбаев университета
Лаборатория Назарбаев университета - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Петропавл мен Шымкенттегі екі оқу орнында Назарбаев университеті тәжірибесі бойынша өңірлік жоғары оқу орны құрылады.

Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен өткен Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысында айтылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жиында мәдениет пен білім беруді дамыту мәселелері қаралды.

"Петропавл және Шымкент қалаларында Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша озық өңірлік жоғары оқу орындары құрылатын университеттер айқындалды", - делінген ақпаратта.

Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында қазіргі таңда әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі (Назарбаев университетінің басқаруымен) мен Технология және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі (АҚШ Аризона университетінің басқаруымен) құрылды.

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында даярлаудың келесі бағыттары анықталды: химиялық инженерия және биотехнология, тоқыма және тамақ инженериясы, ақпараттық технологиялар және энергетика, сәулет, құрылыс және көлік.

Сонымен қатар білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан 2025 жылға дейін шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 000 мектеп жаңғыртылатынын айтты.

Биыл 1 015 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын дамыту, қауіпсіз жағдайлар жасау сияқты бағыттар кіреді. Бұл ретте мектептердің 80%-інде физика, химия және биология пәндері кабинеттері ашылады.

Ал мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2025 жылға қарай 1 500 мәдениет нысанын салу және жөндеу бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы баяндады.

Министр ақпаратына сәйкес, биыл 89 мәдениет нысанын салып, 211 нысанды жөндеу көзделген.

Қазақстандықтар мен шетелдік туристер арасында танымал ету мақсатында Түркістан және Атырау облыстарындағы республикалық музей-қорықтардың аумақтарында "Ордабасы" және "Сарайшық" визит-орталықтарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0