Оқиға

Оралда далада ойнап жүрген бала комаға түсті

© Sputnik / Абзал КалиевДетская игровая площадка закрыта во время карантина в Нур-Султане
Детская игровая площадка закрыта во время карантина в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2021
Жазылу
Зардап шегуші ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Оралда балалар алаңында ойнап жүрген тоғыз жасар бала жаттығу арқанына оралып, тұншығып қала жаздады.

Бұл туралы жергілікті "Мой ГОРОД" басылымы хабарлады.

Сенбіде Громова көшесіндегі аулалардың біріндегі ойын алаңында тоғыз жасар бала құлап кетіп, жаттығу арқанына оралып қалды.

Ол "тұншығу" диагнозымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомство сонымен қатар ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы ойын алаңдарында жарақат алуға негізгі себеп болатынын атап өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегуші өте ауыр жағдайда комаға түскенін жеткізді. Бала қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0