НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Ондағы ақпаратқа сүйенсек, еліміздің екі облысы "қызыл" аймақтан шықты. Олар - Ақтөбе және Қостанай облыстары.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары қалды.
Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақта тұр.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2324 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталыды. Оның ішінде ең төменгі көрсеткіш Маңғсытау облысында (15 адам) тіркелді. "Сары" аймаққа ауысқан Ақтөбе облысында - 129, Қостанай облысында - 103 адамда вирус анықталды.
Оқи отырыңыз:
- Бей-жай қарауға болмайды – әлсіз иммунитеттің алты белгісі
- Дәрігер коронавирустан кейін тұмауға шалдығу ағзаға қалай әсер ететінін айтты